Абдрахманова Жазира Әсембекқызы,1992-1997 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін «орыс аудиториясындағы қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалавриатураны үздік аяқтап, 1997-1999 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасына қабылданып, филология магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алып шыққан. 2000-2006 жылдар аралығында Алматы технология және бизнес университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында қазақ тілі пәнінің аға оқытушысы болып жұмыс істеген. 2007 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті мемлекеттік тіл кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызметтерін атқарды. 2008 жылдың 9 шілдесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ филологиясы кафедрасында ф.ғ.д., проф. Г.Н. Смағұлованың жетекшілігімен 10.02.02- қазақ тілі мамандығы бойынша «Қазіргі қазақ тіліндегі окказионал фразеологизмдер» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап, 2008 жылдың 27 қарашасында ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешіміне сәйкес филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2011-2013 оқу жылы аралығында кафедра кәсіподағының төрайымы қызметін атқарды, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. 2011 жылы Ж.Ә. Абдрахманованың «Қазіргі қазақ тіліндегі окказионал фразеологизмдердің прагматикасы» атты монографиясы жарық көрді. 2010 жылдан бері ҚазТест жүйесі бойынша тыңдалым бөлігінің әзірлемешісі. 2013 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы магистратура мен доктарантура емтихандарына арналған тесті тапсырмаларының әзірлемешісі. Халықаралық, республикалық конференциялар жинағы мен баспа бетінде 30-дан аса ғылыми, әдістемелік мақалалары жарияланған. 40-қа жуық сертификаттар мен авторлық куәліктің иегері. «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында 2012 жылы құрылған «Ақ сөйле!» клубының жетекшісі.


Образование

Образовательное учреждение

Квалификация

Дата окончания

КазНУ им. аль-Фараби
Высшее
1999

Ученая степень

Наименование ученой степени
Область науки
Дата выдачи диплома
Кандидат
Филологические науки
27.11.2008
Интересы